Ғарыштық материалтану Зертханасының тәжірибелік базасының ашылуы

       2022 жылғы 17 тамызда ҚР ЦДИАӨМ  Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Алан Аманжолұлы Қазкенов «ҰҒЗТО» АҚ-да болып, ғылыми жобалардың, оның ішінде отандық аса жеңіл зымыран тасығышын жасау бойынша жоба алдындағы ҒЗТКЖ-ның орындалу барысын талқылады. Сондай-ақ жаңадан құрылған ғарыштық материалтану зертханасының тәжірибелік базасында болды.

      Ғарыштық материалтану Зертханасы ғарыштық техниканы жасауда қолданылатын жаңа болашақты жеңіл корытпалар бойынша, атап айтқанда алюминийдің және магнийдің, зерттеулер жүргізеді. Осы мақсатта Зертхана жоғары температуралы пештермен, сынама дайындау қондырғыларымен, беріктікті  сынайтын машинамен (қысылу/созылу беріктігі, иілу), қаттылықты өлшегіштер, соққыға төзімділікті сынау қондырғылары, металлографиялық микроскоптар, әртүрлі механикалық  құрылғылар мен  жабдықталған.

       Зертхана композициялық материалдар мен жұмыс істейді: көмірпластиктер, органопластиктер, шыныпластиктер. Эпоксидті шайырлардың, арматуралардың, қатайтқыштардың, технологиялық қоспалардың әртүрлі маркалары, арматуралық талшықтар мен матрицаларды модификациялау әдістері зерттелуде. Жұмыс материалдардың меншікті беріктігі мен соққыға төзімділігін арттыру, композиттердің радиомөлдірлігін арттыру бағытында жүргізіледі. Композиттік  тақташалары (такталары) үлгілерін дайындау бойынша тәжірибелік қондырғылар, түтіктерді дайындауға арналған орау машиналары, фитингтер мен бөлшектерді дайындау үшін 3D -принтерлер бар. Вакуумды инфузияның зертханалық қондырғысы бар.

        Зертханада 1 техника ғылымдарының докторы, профессор, 2 PhD докторы, 4 PhD докторант жұмыс істейді. Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ магистранттары мен бакалаврлары ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысады, дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды  орындайды. Зертхана   Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ ғарыштық инженерия  кафедрасының «ҰҒЗТО» АҚ – ғы  филиалы ретінде оқу жүйесіне  қатысады.