Ғарыш ауа райының 2020 жылғы қараша айындағы күйіне шолу.

2020 жылғы қарашадағы күн-жер параметрлеріне шолу Күннің терең минимум күйінен белсенді түрде шыға бастағанын анық көрсетеді. Біздің жұлдыздың бетінде күрделі күн дақтары бар топтарымен өте белсенді аумақтар пайда болуда. Белсенді аумақтар да, дақтар да экватордан белгілі бір қашықтыққа орналасқан, ол күн циклдерінің даму теориясына дәл келеді. Қараша айындағы белсенділіктік артуы, биылғы жылғы екі неғұрлым ірі С9.3 және М1.1 класты жарқылы тіркелген 2020 жылғы 29 мамырдан кейінгі, осы жылғы белгілі екінші оқиға болып табылады.  Қараша айындағы жалғыз кіші магниттік боран 22 қараша күні тіркелді.

Күн циклінің минимумы арқылы Күннің өтуіне байланысты, оның белсенді орталықтарының конфигурациясы анағұрлым жеңілдеді. 2019-2020 жылдары геомагниттік ұйытқулардың негізгі көздері бір бірінен ондаған градус орналасқан кіші-гірім тәжді құрдымдар болатын. Күннің айналуы нәтижесінде бұл аумақтар күн дискінің шығысында пайда болады, одан кейін орталық күн меридианы арқылы өтеді және Күннің көрінетін бетінен батыс лимбіне ауысады.

2020жылғы қараша айында дақ пайда болуы белсенділігі, жылдың алдыңғы айларымен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде қалды. Бірінші қарашада күн дискінің көрінетін бетінде 12778 және 12779 оңтүстік шарты шарында 2 белсенді аумақ байқалды, олар 2 қараша күні батыс лимбінің артына өтті. Үшінші қарашада 12780, одан соң 4 қарашада АО12781 жаңа аумағы пайда болды. 12 қарашада АО 12780 толығымен жоғалды, ал АО12781 көлемі кішірейді және белсенділігін жоғалта бастады. Дәл осы күні, 12 қарашада, күн дискінің оңтүстік бөлігінде жаңа АО пайда болды. Оған АО12782 нөмірі берілді.

17 қарашада күн дискінің оңтүстік-шығысында жаңа АО12783 пайда болды. Одан кейінгі күндері солтүстік АО12784 және оңтүстік АО12785, және 2020 жылғы ең ірі АО12786, одан соң неғұрлым кішілеу АО12787-12789 пайда болды. Қараша айында осындай белсенді аумақтардың пайда болуы нәтижесінде, күн сайын 10-80 күн дақтары тіркелді. Неғұрлым көп күн дақтары 30 қарашада тіркелді – 84.

1 сурет – SDO деректері бойынша 2020 жылғы 20 қарашада күн дискінде тіркелген күн дақтарының орналасуы

Қараша айындағы Күн жарқылының белсенділігі, жылдың алдыңғы айларымен салыстырғанда анағұрлым артты.  1 қарашадан 8 қарашаға дейін 12780 және 12781 белсенді аумақтары С класындағы жиырма тоғыз күн жарқылына алып келді. Одан кейінгі 20 күнде тағы да С класындағы 16 жарқыл тіркелді.  Бұл 2017 жылғы қыркүйек айынан бергі, біздің жұлдыздағы ең қуатты жарқыл, ол кезде өтіп бара жатқан 24-күн цикліндегі соңғы неғұрлым жарқылдар белсенділігі байқалған еді. Барлығы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бері Күнде С класындағы 47 жарқыл тіркелді, яғни, қараша айында Күнде жыл басынан бергі жарқылдардың бәрінен де көп жарқыл тіркелді. Айдың ең соңында, 28 қарашада, соңғы үш жылдағы М4.4 класындағы ең ірі жарқыл тіркелді. Жарқылдан тараған рентген сәулелері мен ультракүлгін сәулеленулер Жер атмосферасының жоғарғы қабатын иондады, сөйтіп, Оңтүстік Атлантика үстіндегі қысқатолқынды радиобайланысын қараңғылады.

Бұл жарқылдар нәтижесіндегі күн заттарының шығындылары Жерге жетпейді, Күн-жер жүйесінен өте ұзақта, күн дискінің оңтүстік-шығысында болады. Қазіргі уақытта күн дискінде 4 белсенді аумақ бар және 1-2 күннен кейін тағы да бір ірі АО оңтүстік шығыста пайда болады, сондықтан, күн белсенділігінің артуын күтуге тура келеді.  

Соңғы ірі күн белсенділіктері 2017 жылы тіркелгенін атап көрсету керек: 4.09 –М5.0 кластағы,  6.09 – Х2.2 және Х9.3, 7.09 – М7.3 және Х13, 9.09 – М8.1, 10.09–Х8.2, бұл жарқылдардың бәрі АО12673 болып өтті.

Күн талшықтарының маңызды атқылаулары қараша айында байқалған жоқ. Ең соңғы, аса маңызды эрупция күн лимбінің орталық бөлігінде 20.04.2018 жылы тіркелген.

Қараша айындағы радиосәулелер ағынының (F10.7) деңгейі, жылдың алдыңғы айларымен салыстырғанда жоғары болды. Күн белсенділігінің артуына байланысты, айдың басында радиосәулелер тербелісі жарқылы байқалды. Айдың бірінші күні ағын деңгейі 77-ге жетті және оның көтерілуі жалғасты. Радиосәулелер ағынының ең жоғары мәні 29 қарашада тіркелді – 116.

Қазіргі уақытта күн белсенділігінің артуы ғарыш ауа райына геомагниттік күйге әсер еткен жоқ. Мұны жекелеген жарқылдардың аз күшімен, сондай-ақ Күннің сол жарты шарының Жердің геомагнитті желілерімен байланысы жоқтығымен түсіндіруге болады. Геомагнитті күй қараша айы бойы төмен деңгейде қалды. Қарашадағы жалғыз маниттік боран 22 қарашада тіркелді. Боранның себебі (көзі) кіші-гірім  СН980 келетін күн желінің ағыны әсері болғанын атап өту керек. Орта-тәуліктік Ар-индекс 22 қарашада 24-ке жетті. Төменде, 2-суретте АСЕ деректері бойынша осы боран кезіндегі планетааралық ортаның параметрлері сипаттамасы келтірілген. Күн желінің жылдамдығы 600km/s дейін көтерілді, магниттік параметрлер төмен болып қала берді: Bt– 10 нТл, а Bz – (±10нТл).

2-сурет – АСЕ деректері бойынша планетааралақ ортаның 2020 жылғы 16-26 қараша арасындағы параметрлері сипаттамасы.

Күннің соңғы протонды оқиғасы 2017 жылғы қыркүйек айында тіркелген, одан бері қарай протондар ағыны фон дейгейінде қалды.

Геостационар орбитадағы Е>2 MeV энергиялы жоғары энергиялы электрондар ағыны деңгейінің артуы 22-23 қарашада, төмен магниттің боран кезінде байқалды.

Айдың басқа күндері электрондар ағыны тербелісі төмен деңгейде қалды.

2020 жылғы қарашада аса маңызды  форбуш-эффектілер байқалған жоқ.

Қараша айындағы геофизикалық жағдай, жылдың алдыңғы айларымен салыстырғанда аздап жоғары болды

Ақпаратты «Ионосфера институты» ЕЖШМ ұсынды.

Шолу қазақстандық ғарыш ауа райының мониторингі және болжау жүйесінің эксперименттік өлшеулері, сондай-ақ жер серіктері мен ғарыштық обсерваториялар арқылы Күннің түрлі  параметрлері мен бейнелері өлшеулерін ұсынатын Интернет торабының ашық көздерінен құрастырылды.