«Қазақстандағы астрономиялық зерттеулер» жинағы

«Қазақстанның ғарыштық зерттеулері»  сериясының, кезекті, 12-ші томы  – «Қазақстандағы астрономиялық зерттеулер» жинағы жарық көрді.

Аталған жинақта жақын және алыс ғарыштың өзекті мәселелерін зерттеудегі отандық астрономияның тарихи және соңғы жетістіктері көрсетілген. Жерге жақын ғарыш кеңістігін кеңінен зерттеу ұсынылған.

Геостұрақты аймақты зерттеуде геотұрақты аймақтың зерттеу құралдарының және әдістемелерінің сипаттамасын құрайды, «KAZSAT 2» және «KAZSAT3» қазақстандық байланыс серіктерініңаумағына мониторинг жүргізілу, жер серіктерінің қауіпті жақындауын талдау, техногендік ластанудың зардаптарын тазарту әдістері көрсетілген.

Жерге жақындайтын объектілерге (ЖЖО) зерттеулер жүргізілген. «Радиастрон» жобасының «Спектр-Р» ғарыш аппаратын оптикалық бақылау және «Спектр-РГ» ресей-германия ғарыштық обсерваторияларына мониторинг жүргізілді.

Күн сәулесінің жарқылының әсерінен жоғары энергиялы гамма-сәулеленудің даму ерекшеліктеріне талдау жасалды, тарихи шолу берілген: «ФАФИ Ай және планеталар зертханасына 50 жыл».

Алыс ғарыш объектілерін зерттеу сейферт ғаламдарын, рентген пульсарларын, қос жұлдыздық жүйелерді, планетарлық тұмандықтарды, гамма-сәулелік жарқылдарын және жұлдыздардың абсолюттік спектрофотометриясы бойынша мәліметтерді талдаудан тұрады.

Сонымен қатар, Вайдьидің есептерімен байланысты электромагниттік және корпускулалық сәулелену әсерінен энергияның айнымалы орталық массасы туралы теориялық жұмыс ұсынылған.

Қазіргі уақытта В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының жас қызметкерлерінің көмегімен астрофизикалық объектілерді сандық модельдеудің заманауи есептеу технологияларын қолдануды дамытуда.

Кітап астрономия және астрофизика саласында жұмыс атқаратын ғалымдар мен мамандарға, сонымен қатар астрономиялық және ғарыштық зерттеулердің дамуына қызығушылық білдіретін университеттердің оқытушылары мен студенттеріне арналған.


*Ұжымдық монография «Қазақстандағы астрономиялық зерттеулер». – Серия: Қазақстанның ғарыштық зерттеулері  – 2020. – Т.12. – 377б. –  Алматы