«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ «Көмірпластиктің соққыға беріктігін арттыру жолдарын зерттеу» тақырыбында жаңа монографияны жариялайды
24.07.24
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) PhD докторы М.Н. Мейірбековтың «Көмірпластиктің соққыға беріктігін арттыру жолдарын зерттеу» тақырыбындағы монографиясының шығарылғанын хабарлайды. Композиттік материалдар саласындағы бұл маңызды зерттеу өнеркәсіптік технологиялардың дамуына және құрылымдардың қауіпсіздігін арттыруға айтарлықтай үлес қосады.
Монография М. Н. Мейірбековтың бірнеше жыл бойы жүргізген терең зерттеулеріне негізделген. Ол күшті және сенімді композициялық материалдарды жасауда маңызды рөл атқаратын көмірпластиктің соққыға беріктігін арттыруға арналған соңғы әдістер мен техникаларды ұсынады.
Монографияда келесі негізгі тақырыптар қарастырылады:
- Көмірпластик өндірісінің әлемдік технологияларына шолу және оны қолдану аясы;
- Көмірпластиктің соққы беріктігін арттыру механизмдерін зерттеу;
- Әр түрлі қоспалар мен модификаторлардың тиімділігін бағалау және тағы басқалар.
Біз бұл монография көміртпластикті әзірлеумен және қолданумен айналысатын зерттеушілер, инженерлер мен мамандар үшін құнды ақпарат көзі болатынына сенімдіміз. Ол көмірпластикті дамыту мен қолданудың жаңа түсініктерін, ұсыныстарын және перспективаларын ұсына отырып, теориялық және практикалық аспектілерді біріктіреді.