«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ қызметкерлері «Байқоңыр» ғарыш кешенінің 70 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты
19.06.25

Мерей той аясында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ өкілдері «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұйымдастырған тақырыптық жұмыс конференциясына қатысып, саланың дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарды нығайтты.
Сондай-ақ, ҰҒЗТО қызметкерлері ғарыш саласының жетекші ұйымдары командаларын біріктірген футбол турниріне қатысты. Турнир достық, ынтымақ және командалық рух атмосферасында өтті.
Ұйымдастырушыларға мазмұнды бағдарлама мен Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік бергендері үшін алғысымызды білдіреміз!