«ҰҒЗТО» АҚ МАРАПАТТАУЛАР

Бүгін «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Марат Нұрғожин орталықтың және еншілес ұйымдардың (институттардың) қызметкерлеріне мемлекеттік және салалық марапаттар тапсырды.

Ғылымда және ғарыштық зерттеулер саласындағы жеткен еңбектегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Жарлығымен  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды:

Валиуллин Рашид Равильевич, «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС директорының ҒЗЖ жөніндегі орынбасары;

«Еңбек ардагері» медалімен төмендегілер марапатталды:

Ахмеджанов Алшын Хәкімұлы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Сәулелерді тасымалдау процестерін математикалық модельдеу зертханасының меңгерушісі;

Майлыбаева Людмила Исмаиловна – «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС ғылыми бағыттағы ғарыштық жүйелер зертханасының жеткеші ғылыми қызметкері.

Сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Мусиннің бұйрығымен кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін «Ғарыш саласына үлесін қосқан үшін» марапатымен төмендегілер марапатталды:

– Исмаилов Марат Базаралыұлы – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Ғарыштық материалтану және аспапжасау департаментінің директоры; 

– Ақназарова Раушан Болатқызы – Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ЖҚБ департаменті директорының орынбасары;

– Көкімбаева Раушан Иманғалиқызы – «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС ғалым хатшысының міндетін атқарушы.

* * *