«ҰҒЗТО» АҚ қызметі туралы 2020 жылғы 2 тоқсандағы ақпарат
2.07.20
1. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылымитехнологиялық базасы» 1 секциясы Ғылыми-техникалық кеңесі құрамына кіреді (Қазғарыштың ҒТК).
2. «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 290 қаулысына Қосымшаға сәйкес «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басым бағаты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестін құрамына төмендегілер енгізілді:
1. Витковская Ирина Сергеевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «ҰҒЗТО» АҚ Жерді қашықтықтан барлау департаментінің жетекші ғылыми қызметкері;
2. Крякунова Ольга Николаевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, АО «ҰҒЗТО» АҚ «Ионосфера институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жетекші ғылыми қызметкері.
Орындалған жұмыстар туралы есептер мен баяндамалар
2020 ж. 12 маусымда үстіміздегі жылғы 2 тоқсанда 5 бағыт бойынша 24 іске асырылатын жобалардың орындалуы барысы туралы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің мәжілісі өтті.
Қатысқандар: Ғылыми-техникалық кеңес мүшелері.
Жұмыстардың орындалуы туралы ақпаратты тыңдап және талқылап, шештік:
– Есепті кезеңде ғылыми-зерттеу жұмыстары толық көлемде орындалды, күнтізбелік жоспар мен күтілетін нәтижелерге сәйкес келеді.