ҰҒЗТО командасы ғылыми-техникалық бағдарламаның орындалу барысы туралы есеп ұсынды
24.07.24
2024 жылы 15 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің (ҚР ЦДИАӨМ АҒК) ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) отырысы өтті, онда 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) ғылыми-техникалық бағдарламаның орындалуы туралы есе
Отырыс шеңберінде ҰҒЗТО командасы орындаған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері ұсынылды.
Талқылау барысында ҒТК мүшелері қосымша пысықтау үшін бірқатар ұсыныстар жасады.
Отырысты қорытындылай келе, ҚР ЦДИАӨМ АҒК ҒТК төрағасы Алан Қазкенов бағдарламаның орындалуын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, бағдарламаның тиімділігін жақсартуға және басты мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған 2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған міндеттерді ҰҒЗТО командасының алдына қойды.