ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ және «Eurasian Space Ventures Limited» ЖШС болашақ ынтымақтастық туралы келісті.

Алматы қаласында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ және «Eurasian Space Ventures Limited» ЖШС басшылары өзара түсіністік және болашақ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың мақсаты ғарыштық технологиялар саласындағы болашақ бірлескен жобаларды дамыту және Қазақстан Республикасының ғарыштық инфрақұрылымын дамыту мақсатында жеке ғарыштық компанияларды тартуға қолдау көрсету болып табылады.


Eurasian Space Ventures (ESV) компаниясы Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген жеке компания болып табылады. ESV негізін қалаушы Ибрагимов Шухрат Алиджанұлы – қазақстандық кәсіпкер, халықаралық тау-кен-темір кен ERG компаниясы менеджерлері кеңесінің мүшесі, Евразия банкі және  «Евразия» СК Директорлар кеңесінің мүшесі.