eROSITA, рентгентік астрономия, гамма-жарқылдар және гравитациялық толқындар
27.11.18
eROSITA, рентгентік астрономия,
гамма-жарқылдар және гравитациялық толқындар
В.Г.Фесенков атындағы Астрофизикалық институтта профессор Юрген Шмиттің (Германия, Гамбург)
және доктор Алексея Позаненконың (Ресей, Мәскеу) қатысуымен семинар өтті
23 қарашада «ҰҒЗТО» АҚ В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтта рентгентік астрономия, гамма-жарқылдар және гравитациялық толқындар тақырыбында, сондай-ақ «Спектр-РГ» – eROSITA халықаралық жоба бойынша семинар өтті.
Гамбург университеті обсерваториясының профессоры Юрген Шмитт «eROSITA — A new all-sky survey in X-rays» – «eROSITA – рентгендік сәулелермен бүкіл аспанның жаңа зерттеулері» тақырыбында баяндама жасады.
eROSITA – «Спектр-РГ» ғарыш аппаратының бортында орнатылатын жеңіл рентгент саласындағы телескоп. Ресей-герман орбиталық астрофизиалық обсерватория «Спектр-РГ» (спектр-рентген-гамма) гамма және рентгентік диапазонда Әлемді зерттеуге арналған.
Обсерватория 2019 жылдың сәуір айының басында ұшырылады және Жер-Күн жүйесінің L2 жүйесінде Лагранж нүктесінде орналастырылады. Міндеті төрт жылға созылады (2019 жылдың ортасынан 2023 жылдың ортасына дейін).
eROSITA телескобының қабылдағыштары энергия диапазонында сезімтал: 0,2-10 кэВ. eROSITA міндеті телескопты пайдалану арқылы сұлбалау үшін алғашқы шолу түсірілімі болады.
Профессор Шмитт eROSITA аппараттық жасақтамасын және өнімділігін нақтылап суреттеп берді және жаңа аспаптың келешектігі бақылаулары жөнінде айтты.
eROSITA шамамен 3 миллион рентген көздерін анықтайды деп күтілуде, оның төрттен бірі жұлдыз рентген көздері болады. eROSITA жобасы сонымен қатар жердегі квази-бір мезгілде оптикалық бақылауларды жобалайда.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының зертхана меңгерушісі А.С. Позаненко «Гамма-жарқылдар және олардың гравитациялық толқындармен байланысы» тақырыбында баяндама жасады.
А.С. Позаненко гамма-жарқылдар зерттеулерінің қазіргі жағдайы, сонымен қатар LIGO және Virgo эксперименттерімен тіркелген гравитациялық толқындардың электромагниттік құрамдас бөлігін іздестіру жөнінде айтты. Ол «LIGO / Virgo GW170817» гравитациялық толқындардың оптикалық үйлестігін тіркеуде нақты тоқтады. Өз сөзінің соңында А. С. Позаненко 2019 жылдың ақпан айына жоспарланған LIGO / Virgo (O3) келесі ұшыру кезіндегі оптикалық бақылаулардың стратегиясын және әдісін ұсынды.
В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт ғалымдары Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы 1-метрлік телескоптарында осы аталған объектілерден оптикалық қалдық жарықтану бақылауларын жүргізе отырып, гамма-жарқылдарды зерттеу бойынша халықаралық жобаларға тікелей қатысады.
Сондай-ақ, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты мамандары eROSITA жобасының жүзеге асырылуы басталғаннан кейін оптикалық жобаны сүйемелдеуге қатысуды жоспарлап отыр.
Александр Губерт