«Kazakhstan Smart Space 2025»: жастар ғарыштың болашағын жобалайды
28.03.25

2025 жылдың 9-11 сәуірі аралығында Космонавтика күні қарсаңында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Kazakhstan Smart Space 2025 ғарыштық технологиялар және техника бойынша IV Халықаралық конкурстың финалдық туры өтеді.
Байқауды Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ) және «Қазақстандық жобаларды басқару институты» ҚҚ ұйымдастырады.
Конкурстың стратегиялық демеушісі «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады.
Байқаудың финалдық турына Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Ресей, Франция және Өзбекстаннан 60-тан астам жобалық команда қатысады. 7 жастан 22 жасқа дейінгі қатысушылар жобаларды үш номинация бойынша ұсынады:
- макеттер, қолданыстағы модельдер, прототиптер және өнімдер;
- анимациялық бейнелер;
- ғылыми-зерттеу жобалары.
Конкурс 12 ғарыш тақырыбы бойынша өткізіледі.
Іс-шараның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Формат – офлайн және онлайн (YouTube арнасында трансляциялау).
Байқау шеңберіндегі негізгі оқиғалар:
- 9 сәуір –Еуразия жоғары оқу орындарының, колледждері мен мектептерінің менторлары мен тәлімгерлері қауымдастығының Құрылтай жиналысы;
- 10 сәуір –Kazakhstan Smart Space 2025 ғарыштық технологиялар және техника бойынша IV Халықаралық конкурстың финалдық туры;
- 11 сәуір –III Халықаралық ғарыш конференциясы «Күн тәртібі: Ғарыш – 2030 Қазақстанда. Ғарыш экономиканың тұрақты дамуының қозғалтқышы ретінде».
Іс-шаралар «Байқоңырдың болашағы біздің қолымызда!», БҰҰ – ның «Күн тәртібі: Ғарыш-2030» стратегиясына сәйкес және TRIZATHLON Project 2024 – 2026 «Халықаралық Ғарыштық Желілік Қоғамдастық» (ХҒЖҚ) бастамашыл индустриялық – инновациялық бағдарламасы шеңберінде өтеді.
Құрметті қонақтардың қатарында ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің, «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ, «Бәйтерек «БК» АҚ, «РҒБО» АҚ және басқа да ұйымдар мен компаниялардың өкілдері бар.
Қосымша ақпарат:
Ресми сайт: www.kzsmart.space
Telegram арнасы: https://t.me/kzsmartspace
Ұйымдастыру комитетімен байланыс:
Александр Жуков +7 (701) 788-5507
Ерлан Таштай +7 (701) 788-9799
Владимир Затолокин +7 (777) 210-6040
Satbayev University баспасөз қызметімен байланыс:
Мадина Балғабаева +7 (702) 209-5712