«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ радио өткізгіш және беріктігі жоғары композиттің инновациялық технологиясына патент алды.
10.07.24
2024 жылы 09 шілдеде – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) радио өткізгіш және беріктігі жоғары композит технологиясына патент алғанын мақтанышпен хабарлайды.
PhD Азира Ермаханова, PhD Моһаммед Мейірбеков, PhD Айдар Кенжеғұлов және докторант Бердияр Байсеріков «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар институты» ЖШС-мен бірлесіп әзірлеген бұл органопластикті алу технологиясы, антенналарды, радиолокациялық және навигациялық жабдықтарды климаттық жағдайлардың әсерінен қорғау саласындағы елеулі серпіліс болып табылады.
Технология 94,3% – ға дейін жоғары радио өткізгіштігі және АЖМПЭ матасы мен эпоксидті біріктірілген арматураны пайдаланған кезде ε=2,1 диэлектрлік қасиеттерін көрсетеді. Бұл параметрлер 1-6 ГГц диапазонында радио толқындарының оңтайлы берілуін қамтамасыз етеді, бұл бейнежазба тарату үшін қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттарының өнімділігі мен тиімділігін айтарлықтай жақсартады.
Зерттеулерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық бағдарламасы шеңберінде берілді.
Патент алу ҰҒЗТО-ның композиттік материалдар саласындағы ғылыми әзірлемелерді жалғастыруын растайды.