БАҒДАТ МУСИН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҒАРЫШТЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША МӘСЛИХАТ ӨТКІЗДІ.

2021 жылғы 27 тамызда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапары шеңберінде Алматы қаласында ғарыштық ғылымды дамыту мәселесі бойынша мәслихат өткізді.

 «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғалымдармен және мамандармен кездесу болды.

Қазақстанда ғарыштық ғылымды дамыту және алыс және жақын ғарышты зерттеудің қазіргі күйі мен болашағы туралы «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы М.Р. Нұрғожин, «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС директоры Ш.Т. Омаров баяндама жасады.

 «KazakhTourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Е.М. Еркінбаевтың астротуризмді дамыту туралы ақпараты тыңдалды.

Мәслихат қорытындылары бойынша ғарыштық техника және технологиялар, алыс және жақын ғарышты зерттеу, астрофизикалық зерттеулердің бақылау базаларын жетілдіру, жерүсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторинг  салаларында бірқатар отандық жобалар әзірлеу және ұсыныстар енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Өзекті техникалық және ғылыми міндеттерді шешуде ҚР аэроғарыш саласы кәсіпорындарының өзара тығыз байланыста болуы атап көрсетілді.

Жеке болашақ жоба ретінде «KazakhTourism» ҰК» АҚ астротуризмді дамыту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу қаралды. Бұл мәселені шешу үшін «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС және «KazakhTourism» ҰК» АҚ арасында меморандум жасасу тапсырылды

Мәслихатта ХҒС бортында Алтыншы қазақстандық ғылыми эксперименттер дайындау, сондай-ақ ҚР  ЦДИАӨМ қолдауымен ғарыш саласы мамандарын дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау Бағдарламасын жаңғырту қажеттілігі талқыланды.

Мәслихатқа ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің және оның ведомстволық бағынышты ұйымдарының басшылары қатысты.

«ҰҒЗТО» АҚ, 27 матыз 2021 ж.