Еске алу
19.03.21
Архипкин Олег Павлович
29.11.1953 – 28.02.2021
ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Басшылығы мен ұжымы Архипкин Олег Павловичтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туысқандары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтады.
Фзика-математика ғылымдарының кандидаты Архипкин О.П. іргелі және қолданбалы зерттеулер шеңберінде төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторингі жүйесін құру саласындағы жетекші маман болатын.
1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетін үздік тәмамдады, ал 1979 жылы теориялық физика кафедрасында аспирантураны бітірген соң ҚазақКСР-і ҒА Тау-кен институтында, одан кейін – КСРО Мембаспасөзкомитеті Есептеу орталығында бірқатар жылдар қызмет етті. 1992 жылғы қаңтар айынан бастап, яғни құрылған күнінен бері қарай, оның еңбек жолы Ғарыштық зерттеулер институтымен, соңынан – «ҰҒЗТО» АҚ тығыз байланысты, бұл жерде ол жетекші ғылыми қызметкерден зертхана меңгерушісіне, Ғарышты ақпараттарды қабылдау орталығының бастығы лауазымына дейін еңбек жолынан өтті.
Архипкин О.П. және ол басқарған ұжымның ғылыми қызметкерлерінің көпжылдық теориялық зерттеулері нәтижелері арылуашылық шарттарын орындау кезінде ұтымды қолданылды. Су тасқындары мен су басуы, Қазақстанның су қоймаларының толуы динамикасы, ірі өрттер, Каспий теңізі су айдынының мұнаймен ластануының жедел ғарыштық мониторингі технологиялары тиімді пайдаланылды. Сырдария өзенінің орта ағысындағы су тасқындарының, су басуының қатерлерін төмендету мақсатында іске қосылған «Шардара су қоймасы – Көксарай су тасқыны контррегуляторы» гидрокешенінің толуы динамикасы ғалымдардың ерекше назарында болды
Архипкин О.П. Қазақстанда және шетелдерде жарияланған 140-тан аса ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде монографиялардың авторы және авторлық куәліктердің иегері.
Олег Павлович аса жоғары адами қасиеттерімен ерекшеленіп тұратын – адалдық пен қарапайымдылық, жауапкершілік, азаматтық ұстаным.
Біз оны тамаша отбасы иесі, мейірімді әке ретінде танимыз. Үлкен жүректі адам, жоғары дәрежелі кәсіби маман дүниеден озды. Орны толмас қазаға қатты қайғырамыз.
«ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы
Нұрғожин М.Р.