ЕСКЕ АЛУ

САДЫҚОВ ЕРБОЛ ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ

05.11.1942 ж – 15.03.2021 ж.

       «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ұжымы Ербол Тәңірбергенұлы Садықовтың қайтыс болуына байланысты қатты қайғырып хабарлайды.

       Ербол Тәңірбергенұлы өзінің еңбек жолын ҚазақКСР-і Ғылым академиясында жас маман ретінде бастады, сондағы Қ.И. Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институтында және Сейсмология институтында ширек ғасырдан аса жұмыс істеді.

       1993 жылдан бастап оның еңбек жолы ғарыштық зерттеулер саласымен тығыз байланысты. Әр жылдары Ербол Тәңірбергенұлы Ғарыштық зерттеулер институты директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары және маркетинг жөніндегі орындасары лауазымдарын атқарды. Одан кейін ұзақ жылдар бойы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғимаратты, құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды және көліктерді басқару қызметінің бастығы, көлік бөлімінің бастығы, бас инженер болып қызмет істеді.

Оның қажырлы еңбегінің арқасында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ шаруашылық қамтамасыз ету және барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді қызмет етуі бойынша орасан жұмыстар атқарылды, ғылыми зерттеулердің табысты және сапалы орындалуына, Орталықтың ғылыми ұйымдарының үйлесті жұмыс атқаруына барлық қажетті жағдайлар жасалды.

       Өзінің ұзақ өмірі мен еңбегі жолында Ербол Тәңірбергенұлы Садықов бірге еңбек еткен әріптестері және жолдастары арасында үлкен құрметке ие болды. Ол әрқашан жұмысқа кәсіби көзқарас тұрғыдан қарайтын, асқан тәрбиелі және өте қарапайым жан болатын. Ол үлгілі отбасы иесі, қамқор әке мен ата бола білді.

       Е.Т. Садықовтың көпжылдық жемісті еңбегі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және «ҰҒЗТО» АҚ Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен атап өтілді.

       «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ұжымы Ербол Тәңірбергенұлы Садықовтың қайтыс болуына байланысты  оның отбасына, туған-туысқандарына және жақындарына қатты қайғырып көңіл айтады. Ербол Тәңірбергенұлы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

 «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы

 Нұрғожин М.Р.