Солтүстік жартышар тұрғындары Юпитер мен Сатурнның біріккенін көре алады
22.12.20
«Хабар» агенттігі, Күн қорытындылары, сейсенбі 22 желтоқсан 2020 ж.
Планетамыздың солтүстік шартышарының тұрғындары өте сирек астрономиялық құбылысты – Юпитер мен Сатурнның «Ұлы бірігуін» бақылады. Бұл құбылыстың бірегейлігі сол, екі гигант планетаның бұдан бұрынғы жақындасуы осыдан 800 жылдай бұрын болған. Бірігудің ең қатты жақындасуы фазасында Юпитер мен Сатурн өте жарық қос жұлдыз сияқты болып көрінеді.
Енді, осы құбылысты жақын күндерде біздің Қазақстанда да байқауға бола ма?
Біздің байтақ елімізде түнде өте сирек астрономиялық құбылыс байқалды. Күн жүйесінің ең ірі планеталары – Юпитер мен Сатурн түнгі аспан көгіндегі бір жарық нүктеге айналды. Оларды тек 6 бұрыштық минут ғана бөліп тұрды. Салыстыру үшін – Айдың көрінетін диаметрі 30 бұрыштық минутты құрайды. Бұл құбылыс күн бата сала жұлдызды аспанның оңтүстік-батыс бөлігінде орын алды. Астрономдар бұл құбылысты Юпитер мен Сатурнның «Ұлы бірігуі» деп атады. Ұлы деп атауға себеп те бар – жер шарының тұрғындары мұндай құбылысты осыдан 800 жылға жуық бұрын, 1226 жылы бақылаған.
Любовь Шестакова, В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық ҒЗИ жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі: – Юпитер мен Сатурн планеталарының жақындасуышамамен әр 20 жылда қайталанып отырады. Неге олай болады? Юпитер Сатурнға қарағанда жылдам қозғалады. Юпитердің Күнді айналу кезеңі 12 жыл, ал Сатурн 29 жылда айналып өтеді. Сол себепті, жер тұрғындары көзімен қарағанда Юпитер белгілі бір кезеңдерден соң Сатурнды «қуып жетеді». Сөйтіп бұл құбылыс әрбір 20 жылда қайталанып отырады. Әрине, айтып отырған құбылыс тек оптикалық субъективті түрде орын алады. Ал шындығана келгенде, екі газды гигант планетаны орасан қашықтық – 5 астрономиялық бірлік бөліп жатыр. Бұл дегеніңіз 750 миллион шақырым. Күн жүйесінің екі ірі планетасы шамамен жиырма жылда бір рет Жерден қарағанда бір сызықтың бойына орналасады. Және әрбір жақындасу кезінде планеталар арасындағы көрінетін қашықтық әр түрлі болуы мүмкін – бірде аз, бірде көп. Астрономдардың есептеуінше, Юпитердің Сатурнды толық жабуы шамамен алғанда 6 мың жылда бір рет болады.
Ал енді осы құбылысты Алматы қаласынан бақылай аламыз ба? Әрине, барлығы да ауа райына байланысты. Бірақ, оңтүстік-батыс көкжиегінің үстінде ғана көруге болады. Күн бата салысымен, аталған ек планета да батады, алайда, оларды көру үшін азғантай ғана уақыт болады, сағат 18-ден 30 минут өткенде… Бұл құбылысты бірнеше күн бақылауға болады. Алматы қаласында бүгін Күн сағат 17-ден 21 минут өткенде батты. Содан кейін Юпитер мен Сатурн бір сағат бойы аспанда көрініп тұрды. Астарономдардың айтуынша, ол құбылысты бақылау үшін биік жерге, егер мүмкіншілік болса, тауға шыққан дұрыс, себебі онда түтінді газдар жоқ, бұлттар төменде қалады. Егер өзіңізбен қуатты үлкейткіш дүрбі алып шықсаңыз, тек екі планетана ғана емес, олардың екі ірі серіктері Каллисто мен Ганимедті де көруге мүмкіншілік бар.
Планеталардың қосылуы қысқы ең ұзақ түнде орын алып отыр, күннің ұзақтығы жыл бойындағы ең қысқасы – небәрі 9 сағат 1 минут. Ал Юпитер мен Сатурнның ендігі осылай жақындасуын жер тұрғындары 60 жылдан соң, яғни 2080 жылы ғана бақылай алады.
Авторлар: Григорий Беденко, Эдуард Кон
Дереккөз: https://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/130494-zhiteli-severnogo-polushariya-smogut-uvidet-soedinenie-yupitera-i-saturna