Халықаралық ақпараттандыру академиясына – 30 жыл!

2024 жылғы 17 сәуірде «AMANAT» партиясының конференц-залында Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы (ХАА) Төралқасының «ХАА: инновацияға 30 жыл, Қазақстанның тұрақты дамуы мен цифрлық болашағына қосқан үлесі » тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға таяу және алыс шетелдерден келген ХАА мүшелері, сондай-ақ Ғылым, академия қайраткерлері, Қазақстан Республикасының бизнес, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

ХАА Президиумының мүшесі, «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы М.Р. Нұрғожин ХАА-ның 30 жылдығына орай Алтын медальмен марапатталды.