«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғалымдары мемлекеттік және водомстволық марапаттармен марапатталды
20.12.19
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғалымдары мемлекеттік және водомстволық марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Жарлығымен В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың жетекші ғылыми қызметкері Кусакин Анатолий Васильевич «Ерен еңбегі үшін» («За трудовое отличие») медалімен марапатталды.
Кусакин Анатолий Васильевич, физика-математика ғылымдарының кандидаты, В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың ғарыштағы белсенді процестер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. «Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы және Тәжді станция» тұрақты жұмыс істейтін экспедициясының негізгі бақылаушыларының бірі.
150-ден аса ғылыми жарияланымдары бар.
Ғылыми қызығушылық салалары: кіші амплитудалы мультикезеңді тез өзгергіш жұлдыздар, катаклизмді өзгерістер, тұтылушы жұлдыздар, пульсті компоненттері бар бинарлы жүйелер, белсенді галактикалар.
«Scopus» деректер базасына А.В. Кусакиннің 41 жұмысы кірген.
«Scopus» деректер базасы бойынша һ-индексі: 11.
«Web of Science» деректер базасына А.В. Кусакиннің 41 жұмысы енгізілген.
«Web of Science» деректер базасы бойынша һ-индексі: 13.
Институттың ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады.
«Жұлдыздар құрылуы аумақтарында және белсенді галактикалардың ядромаңы аймақтарындағы физикалық процестерді зерттеу», Жұлдыздар өзгергіштігі және газды-тозаңды дискілі заттар алмасуының процестерін зерттеу» грантты жобаларында, сондай-ақ, «Атмосферадан тыс бақылау үшін таңдалған ғарыштық нысандар мониторингі және бақылау», «Өзгергіш жұлдыздарды іздеу, салыстыру және тербелісті-жиілікті сипаттамалары» жобаларына қатысады.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен экономикада, әлеуметтік салады, ғылымда, мәдениетте және мемлекеттік қызметтегі жетістікке жеткен азаматтар марапатталады. «Қазақстан Республикасының марапаттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 21 бап
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасымен «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Инчин Александр Сергеевич марапатталды.
Инчин Александр Сергеевич компьютерлік технологиялар және цифрлық деректерді өңдеу мен талдау саласындағы белгілі ғалым.
Ол цифрлық деректердің функцияларын жүйелі жақындату, талдау және синтездеудің ғылыми-тәжірибелік негіздерін әзірлеген, Қазақстан мен Ресейдің көптеген ғылыми ұйымдарында енгізілген ондаған қолданбалы пакеттерді құрған.
150-ден аса ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 4 монография, 2 оқу құралы, беделді шетелдік және отандық ғылыми журналдар мен баспаларда ондаған мақалалар жариялаған. «Ғарыш» және Ғарыш-2» салааралық республикалық ғарыш бағдарламасы тақырыбының жетекшісі болған.
Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен төмендегілер әзірленген:наноспутникті басқарудың борттық кешенінің эксперименттік үлгісін бағдарламалы-математикалық қамтамасыз ету, ғылыми-технологиялық ғарыш аппаратының ғылыми жабдығының эксперименттік үлгісі, найзағайпеленгация және атмосфералық-литосфералық байланыстарды зерттеуге арналған электромагнитті өлшеулер жүйесі, ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесінің миссиясын орындау үшін Жердің магниттік өрісін өлшеу бойынша KazSciSat-1 ғылыми бағыттағы ғарыштық аппараттың ғылыми жабдықтары.