Мемлекеттік сатып алу өткізу туралы ақпарат

2020 ж. мемлекеттік сатып алу өткізу туралы ақпарат

6) «ҰҒЗТО» АҚ мемлекеттік сатып алуды «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 23.12.2019 жылғы №11 хаттамамен бекітілген 2017-2021 жылдардағы Даму жоспарына сәйкес жүргізеді (хаттама қоса берілді).

11) Конкурс тәсілімен төмендегі сатып алулар өткізілді:

«Ашық конкурс» – Интернет жүйесіне қол жеткізу қызметі, өткізу мерзімі 09.01.2020 – 25.01.2020 ж., екі өтініш келіп түсті, №3826020-ОК1 конкурсы қорытындылары бойынша хаттаманың негізінде «Алматытелеком» РДТ – «Қазақтелеком» АҚ филиалы жеңімпаз деп танылды (қорытынды туралы хаттама ұсынылды).

Ашық конкурс – Ғимарат күзеті қызметі, өткізу мерзімі 30.01.2020 – 06.02.2020 ж., бір өтініш келіп түсті, №3922773-ОК1 конкурсы қорытындылары бойынша хаттаманың негізінде және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚО Заңының 29 бабы 3 тармағы 2 тармақшасы негізінде бір көзден сатып алу тәсілімен конкурсқа қатысуға өтініш берген болашақ жеткізіп берушіге шақыру жолданды. № 4025176-ИОИ1 бір көзден мемлекеттік сатып алу  тәсілі қорытындылары туралы хаттама негізінде «Ал Рус» күзет компаниясы» ЖШС болашақ жеткізіп берушімен шарт жасалды (қорытындылар туралы хаттама қоса берілді).