ТК 66 «Ғарыш қызметі» стандарттау жөніндегі комитетінің кезекті мәжілісі

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін техникалық реттеу саласында ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру және біріктіру үшін құрылған ТК 66 «Ғарыш қызметі» стандарттау жөніндегі комитетінің кезекті мәжілісі 2021 жылғы 10 ақпанда бейнеконференция байланысы режімінде өтті.

Мәжіліске ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, «Ионосфера институты» ЕЖШС, «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек» БК», «Ғарыш-экология» Ғылыми-зерттеу орталығы» РМК,  «Ghalam» БК», «Инфракос» РМК, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ – ТК-66 мүшелерінің басшылары мен жауапты орындаушылары қатысты.

Мәжілісте ТК 66 хатшылығын жүргізуді ұйымдастырушыны сайлау және өткізу мәселелері талқыланды, сондай-ақ ұлттық стандарттар әзірлеуге қажетті тізім бойынша ұйымның ақпараты ұсынылды.

ТК 66 стандарттау жөніндегі комитеттің жұмысын жалғастыру шеңберінде, бірауыздан дауыс беру жолымен шешім қабылданды:

1. ТК 66 хатшылығын жүргізу үшін базалық ұйымдастырушы болып «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ бекітілсін.

2. Исмаилов М.Б. ТК 66 «Ғарыш қызметі» Төрағасы болып бекітілсін.

3. ТК 66 комитеті мәжілісінің мүшелері ғарыш қызметі саласында Стандарттау бойынша нормативті құжаттаманың ұлттық базасын әзірлеу және кеңейту бойынша жұмыстарын белсенді түрде жалғастырсын.