ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛУ

Вильковиский Эммануил Яковлевич

21.11.1936 ж. – 16.03.2021 ж.

Бүкіл өмірін ғылымға қызмет етуге арнаған, әлемге танымал ғалым-астрофизик, тамаша адам Эммануил Яковлевич Вильковиский өмірден өтті.

Э.Я.Вильковискийдің  барлық еңбек жолы қазақстандық ғылыммен тығыз байланысты болды және Қазақстан Республикасында астрофихикалық зерттеулерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталды. 1967 жылы, аспирантураны тәмамдаған соң ол Астрофизикалық институтта (бүгінгі В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт) қызмет істей бастады және сол жерде өмірінің соңына дейін еңбек етті.

Оның ғылыми қызметінің жемістері жас ғалымдардың көптеген буындары үшін беделді бағдар болды – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық астрономиялық одақтың мүшесі, Халықаралық (Еуразиялық) астрономиялық қоғамның басқармасы мүшесі, Қазақстанда астрономиялық қоғам құрудың бастамашысы және бірінші төрағасы.

Эммануил Яковлевичтің негізгі ғылыми қызығушылығы саласы галактиканың белсенді ядроларын, квазарларды зерттеу болатын, ол еңбектері «Динамика космической плазмы в окрестности объектов высокой светимости» тақырыбына докторлық диссертациясында өзінің көрінісін тапты, диссертацияны П.К. Штернберг атындағы Мемлекеттік астрономиялық институтта қорғап шықты (ММУ, 1993 ж.).

Ол 150-ден аса ғылыми еңбектердің, оның ішінде екі монографияның авторы. Тамаша ұстаз және ғалым, көптеген жас ғалымдарды тәрбиелеп шығарды, түрлі халықаралық ғылыми жобалардың жетекшісі және қатынасушысы,  Кеңес Одағы тарап кеткеннен кейінгі қиын жылдарда, осы жобалардың арқасында қазақстандық астрофизика үлкен қолдауға ие болды.

Ол өте кең ауқымдағы шығармашылық қызығушылықпен ерекшеленіп тұратын. Кәсіби қауымдастық таныған белгілі суретші, жазушы, өлеңдер мен әдеби шығармалардың авторы еді. Орыс әдебиетінің «Игорь полкы туралы сөз» шығармасына арналған ғылыми еңбегі оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылық танытқан еңбек.

Эммануил Яковлевичтің саналы өмірі және адами қасиеттері  өз ортасындағы адамдар үшін үлгі бола білді. Ол екі ұл өсіріп, тәрбиелеген тамаша әке, ата болатын.

Достар, Эммануил Яковлевич Вильковискийдің әріптестері марқұмның отбасына, туған-туысқандарына және жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады.

Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.